Білім беру саласына инвестиция салу балы а асы

Білім беру саласына инвестиция салу балы? ?а??асы

Білім беру саласына инвестиция салу балы? ?а??асы

10 350 теңгеден ай сайын есепошотқа салып отырса, баланың 17-18 жасында 7,5 миллион теңге жиналып қалады 08.10.2023, Sputnik Қазақстан АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап баланың оқуына қажетті қаражатты жинауға мүмкіндік беретін «Келешек» ерікті жинақтау бағдарламасы іске қосылады. Жаңа жүйе қазіргі «AQYL» депозитіне ұқсас. Бірақ олардың өз ерекшелігі бар. Sputnik Қазақстан қазіргі жинақтау жүйесі мен келесі жылы қолға алынатын бағдарламаның тиімді тұстарын ұсынады. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі не үшін енгізілдіҚазіргі кезде баланың оқуына қаражат жинау үшін кез келген банктен депозит ашып, есепшотқа ақша сала беруге болады. Алайда жай депозиттің бір кемшілігі сол, адам қаржылық қиындықтарға тап болса, есепшоттағы ақшаны шешіп алуы мүмкін. Сол себепті Қазақстанда 2013 жылдан бастап мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі енгізілген болатын. Соның аясында «AQYL» депозитін ашуға мүмкіндік бар. Ал есепшоттағы ақшаны 20 жыл бойы алуға тыйым салынған. Депозиттің шарттары:Осы орайда айта кетері, 7 проценттік мемлекеттік сыйақы әлеуметтік осал топтарға ғана төленеді. Олар: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көпбалалы отбасынан және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар. Ал 5 проценттік сыйақы Қазақстанның басқа азаматтарына төленеді.»AQYL»-ды ашу үшін не істеу керек? Бұл депозит жоғары білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ-сы арқылы ашылады. Алдымен осы компанияға хабарласу керек. Одан кейін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын банктердің біреуін таңдап, депозит ашуға болады. Оған бірден бастапқы жарна салынады. Қажетті құжаттар:»Келешектің» шарттарыКелесі жылдан бастап Қазақстанда «Келешек» ынтымақты жинақтау бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Бағдарлама қазіргі «AQYL» депозитіне ұқсайды. Бірақ басты айырмашылығы сол, баланың есепшотына ата-ана ғана емес, мемлекет те ақша салып отырады. Бағдарлама шарттары:Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ата-аналар есепшотқа ай сайын 1 АЕК (3 450 теңге) салып отырса, бала 18 жасқа толғанда барлық қаржы көздерімен бірге шамамен 3,5 миллион теңге жиналады.»Ал 3 айлық есептік көрсеткіш, ол 10 350 теңгенің шамасында, осы ақшаны ай сайын есепошотқа салып отырса, баланың 17-18 жасында 7,5 миллион теңге жиналып қалады. Бұл баланың болашақта жоғары білім алуына кепілдік болады», — дейді Нұрбек.»Келешек» пен «AQYL»-дың тиімді тұстары»Келешектің» басты артықшылығы – ақшаның көптеп жиналуы. Себебі есепшотқа бірнеше көзден ақша түсіп тұрады. Ал ең соңында баланың ұлттық қордағы үлесі аударылады. Бірақ 18 жасқа толған жасөспірім грантқа түссе, ақшаны шешіп алуға болмайды. Қазіргі жоспарға сәйкес, оны тек баспана сатып алуға жұмсауға болады. Ал «AQYL» депозитінің шарттары бойынша бала грантқа түскен жағдайда барлық ақшаны мемлекеттік сыйақысымен бірге шешіп алуға болады. Сосын ақшаны басқа баланың атына аударуға мүмкіндік бар. «AQYL» депозитінің ақшасын шетелдің колледждері мен жоғары орындарының ақысын төлеуге де рұқсат берілген.»Келешек» енгізілсе, грант саны азаядыМинистрліктің мәліметіне сәйкес, бүгінде білім беру саласына жұмсалатын қаржының көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр 4,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде Қазақстанда демографиялық жағдай жақсарып келеді. Оған қоса, елге көшіп келетін адамдардың саны да өсті. Ондайда бюджеттік шығындар көбейеді. Себебі барлығын біліммен қамтамасыз ету керек. Ал «Келешек» жинақтаушы жүйесінің арқасында әрбір ата-ана өз баласының оқуына ақша жететініне сенімді болды. Бюджет қаржысы да үнемделеді. Осылайша, 2037 жылдан бастап гранттарды бөлу тәжірибесінен бас тартып, жыл сайын 2 трлн теңгені үнемдеп отыруға мүмкіндік бар. Алайда жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек грант беру жүйесі тоқтатылатынын жоққа шығарды. Бірақ білім гранттарының саны біртіндеп азаяды.»2037 жылдан бастап гранттар тоқтамайды. Бірақ грант саны азаюы мүмкін. Біз жоғары білімге қолжетімділікті сақтап қаламыз, бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс болмайды. Бірақ гранттар саны өзгереді немесе азаюы мүмкін», — дейді Саясат Нұрбек. Осылайша алдағы уақытта қазақстандықтар грантқа көп сене бермей, баланың оқуына алдын ала ақша жинауға дағдыланады.

Білім беру саласына 243 млрд теңге инвестиция тартылған

Білім_беру_саласына_инвестиция_салу_балы_а_асы

«МЖӘ жобаларының негізгі үлесі мектепке дейінгі салада ұсынылған. 70 жоба мектеп асханаларын басқару мен 26 жоба колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді көздесе, 14 жоба спорт зал салу, компьютерлік техниканы жеткізу мен оған қызмет көрсетуден тұрады», — деді Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, жекеменшік мектептер мен жатақханалар ашу бойынша жобалар іске қосылуда. Жобалардың жалпы саны — 226. Өңірлер арасындағы көшбасшылар қатарында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы тұр. Батыс Қазақстан, Жамбыл және Атырау облыстарында жұмыс қарқыны өте төмен, аталған облыстарда бірде-бір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы іске асырылмаған. Жалпы, Қазақстанның білім беру саласындағы МЖӘ тетіктерін іске асыру тәжірибесіне озық деген баға беруге болады.

Білім саласына инвестиция салу-елдің табысты дамуының ең сенімді жолы

2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жыл сайынғы» ҚР Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттер барынша күш-жігерді қажет етеді» Жолдауын зор ықыласпен тыңдады, ол ел дамуының негізгі мақсаттарына: экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде Үкімет алдына Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту жөнінде нақты міндеттер қойды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты элементі және құндылығы болып табылатын ағартылған мемлекет сатысына бет бұрғанымызды айқын көрсетеді. Президенттің Үкіметке бейресми білім берудің балама нұсқаларын белсенді енгізу, өз бетінше оқыту нәтижелерін тану, кәсіби дағдыларды сертификаттау көзделетін үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу тапсырмасы ерекше қозғалды. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, Президенттің ойынша, қазақстандықтарды цифрлық қоғамдағы өмірге дайындауы тиіс, ол IT-дағдыларды еркін меңгеруді талап етеді. Президенттің білім алушыларда, оның ішінде кәсіпкерлік саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыру қажеттілігі туралы тезисі уақтылы болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып оқушылары экономикамен, ал одан әрі орта және жоғары сыныптарда кәсіпкерлік және бизнес негіздерімен танысады. Бүгінгі таңда мектеп жұмысының негізгі бағыты оқушылардың қабілеттерін анықтау, мамандықты дұрыс таңдау негізінде кәсіптік бағдарлауды жүйелі түрде жүргізу, табысты, коммуникабельді болу керек. Источники: Https://sputnik. kz/20231008/keleshek-balanyn-oquyna-75-mln-zhinau-ushin-ay-sayyn-qansha-tengeden-salu-kerek-39150677.html Https://baq. kz/bilim-beru-salasyna-investitsiya-quyu-eldin-bolashagyna-qalay-aser-etedi-282861/ Https://baq. kz/bilim-beru-salasyna-243-mlrd-te-ge-investitsiya-tartyl-an_210436/ Http://sc0003.atbasar. aqmoedu. kz/news/open/id-770936

Похожие записи